Сәрсенбі, Желтоқсан 6, 2023
Home Көркем проза

Көркем проза

Алағақтан құданың үйінен түстік жеп, енді аттанайық деп есік алдына шыққан кезімізде құдағи қасымызға келді: -Машинаңда орын бар ма? Бір адам бар еді, Шеміршекке дейін ала кетсең,- деді күңк етіп. -Иә, жарайды. Бір емес, екі адам болса да боспыз,- дедім мен. -Онда...
АҚ ТІЛЕК   Бұл әңгіменің кей жерін, әсіресе, аса бір дәмді жерін ұмытып та қалған ұқсаймын. Өйткені, мұны естігеніме де, міне,  табаны күректей он бес жылға  таяп қалды. Содан бір-екі жыл ғана  кейін, жетпіс сегіз жасында дүниеден көшкен Ақберді атайдың анау...
I Жазғытұрым болып,күн ұзарып қалса да  тау  ішіне қараңғылық әлі   де ерте түседі. Қызуы мол нұрлы күн биік қаңсардың  бір қырқасына иегін артып,қып-қызыл өрт теңізіне құлай берген кезде-ақ нән жартастардың түбіндегі қара бояу қалыңдай береді. Терең сайдың жылы денесі тез...
Қызыл әскердің әйелі   әңгіме   Дүниеге әйгілі Қытайдағы мәдени революцияның қан жалап тұрған бір кезі. «Төңкеріске қарсы елементтер, партия ішіне жалбызбалап кіріп алған капитализм жолымен жүрген ұқықтылар» деп аталатын бір топ адамды күреске алып жатты. Бұлардың көбі осы ауданның бұрынғы секретары, әкімі...
ДҮРЕГЕЙ СӘУЛЕМ   Төкен деген бір замандасым болды. Жап – жақсы әнші еді. өзінің де бір қанша жақсы әндері бар болатын. Елден ерек бір мінезі ол өзі шығарған әндерін айтар алдында әннің туу тарихын өте бір қызықты хиғая етіп, баяндап алып,...
      Бұл күндері Қамида өзін ешкімнен кем санамайды. Шалқып жатқан тұрмыс мынау, жайнап тұрған үйі анау. Өңі де бұрынғысынан жасарыңқырап, ажарланып алды. Хош иісті майдың үстіне қалың жағылған ұпаның кереметімен болымсыз секпілі де білінбей кетті. Күн өткен сайын ақ бөртеленіп,...
Ши-анда оқып жатырмын. Үлкен қала. Бір кезде, Президент Жяң Жиешының тұсында, уақыттық болса да, Қытай мемлекетінің астанасы болған әйгілі орда. Қанша керемет дегенмен, алғашқы кезде онша ұнай қоймап еді. Мен сияқты сахарада туып өскен ауыл баласына қала өмірі, жатын...
МЕНІҢ ЖЕҢГЕМ   (әңгіме)   Үлкен қалаға, озаттар жиынына баратын болғаныма дардай қуанып қалдым. Үш жылдан бері осы бір мешеу әтіреттің бет – бейнесін өзгертемін деп жар құлағым жастыққа тимей, зыр жүгіріп едім. Енді міне еңбегім жанып, саңлақтар сахынасының төрінен орын тигелі отыр....
  І Дүр екен десең де, түйтіксіз екен десең де айтайын, жас кезімде жұртты тамсандырған бір алып күштің маған да біткен кезеңі бар. Жиырма жасқа келгенімше бұл өлке, бұл өңірде менімен сілкілесіп, тіресіп, шыдап көрген жігіт болған емес. Қандай қарулымын деген...
Ата қоныстан іргеміз бөлінген күннен бастап – ақ бізді қырсық шала бастады. Шұңқырдың көк алшын сонысын жүзіп жүріп, шөптің басын таңдап жеп үйренген қараң – құраң малымыз жаңа қонысты жерсінбей, туып - өскен мекенін өгейлеп, тез азып кетті. әсіресе,...