Қадір ақсақал жетпіс жеті жасында, Алматы қаласында, оралмандарға берген көп қабатты сәулетті үйдің бірінші этажында, кенже ұлы Болатбектің қолында дүниеден озды. Қан қысымы өрлеп, жүрегіне ақау түскен қарияны ұлы мен келіні, немерелері болып қанша қастерлеп, алақандарына салып күтсе де,...
Университетте қатарлас оқыған ескі танысым Қамашпен жиырма жылдан кейін қайта кезігетін болғаныма мен шынында қатты қуандым. Бір факультетте, бір топта бірге оқымасам да, Қамашты әбден танитынмын.
Қабат – қабат ғимараттардың подвалынан, жер үйлерден қазылып алынып, кір басып қалыңдап, шаң сіңірген...
Алағақтан құданың үйінен түстік жеп, енді аттанайық деп есік алдына шыққан кезімізде құдағи қасымызға келді:
-Машинаңда орын бар ма? Бір адам бар еді, Шеміршекке дейін ала кетсең,- деді күңк етіп.
-Иә, жарайды. Бір емес, екі адам болса да боспыз,- дедім мен.
-Онда...
Аш та жүрдік. Тоқ та жүрдік. Ащыны да тең таттық. Тәттіні де таттық. Бүгінгідей жақсы күнде соның көбі-ақ ұмыт болды. Бірақ, сол бір күнгі қонақасы әлі есімнен шықпайды. Ойыма түскен сайын еріксіз бір жымиып, басымды шайқап, қиналып та қаламын...
Ши-анда оқып жатырмын. Үлкен қала. Бір кезде, Президент Жяң Жиешының тұсында, уақыттық болса да, Қытай мемлекетінің астанасы болған әйгілі орда. Қанша керемет дегенмен, алғашқы кезде онша ұнай қоймап еді. Мен сияқты сахарада туып өскен ауыл баласына қала өмірі, жатын...
Алыс-жақынға аса беделді, «тү» деген түкірігі жерге түспей тұрған облыстық соттың бастығы Қоқымбайдың әйеліГүлиша аймақтағы партия мектебінен, бір жылдық саяси курстан көңілді оралды.
Қала тұрмысы деген қызықты ғой. Бір жыл дегенің бір күнгідей білінбей өте шықты. Қандай ғажап! Қайда барса...
Бесін ауып кетсе де, күннің ыстығы әлі қайта қоймаған. Жалпақ дала жалын бүркіп, шыжып тұр. Ұйдің іші одан да қапырық, тынысыңды буып, тұншықтырып шыдатпайды.
Жұмбек ақсақал есік алдындағы көлеңкеде таспа сыдырып отыр. Жасы жетпістен асса да, көзі әлі жақсы. Кәнігі...
І
Дүр екен десең де, түйтіксіз екен десең де айтайын, жас кезімде жұртты тамсандырған бір алып күштің маған да біткен кезеңі бар. Жиырма жасқа келгенімше бұл өлке, бұл өңірде менімен сілкілесіп, тіресіп, шыдап көрген жігіт болған емес. Қандай қарулымын деген...
Әке-шешесі қанша мәз болып далақтағанымен Сақан бұл жолы қуана қойған жоқ. Өткен күзде ғана осындай бір күннің жетіп келуін ол құдайдан күндіз де, түнде де тілеген болатын. Енді сол орай ойламаған жерден, көктен түскендей, өздігінен жетіп келген кезде оның...
I
Жазғытұрым болып,күн ұзарып қалса да тау ішіне қараңғылық әлі де ерте түседі. Қызуы мол нұрлы күн биік қаңсардың бір қырқасына иегін артып,қып-қызыл өрт теңізіне құлай берген кезде-ақ нән жартастардың түбіндегі қара бояу қалыңдай береді. Терең сайдың жылы денесі тез...