ӘНШІ ҚЫЗДЫҢ БІР ҚҰПИЯСЫ
Біз ол екеуізіміз бұрыннан дақсы дос едік. Пәлендей құпия сырымыз болмағанымен, елден бөлектене қалып, көрмәзірет бірдеңелерді оңаша отырып сөйлесуге құштар болатынбыз. Кейде тіпті үйде әңгімелескенге місе тұтпай далада, бақшада немесе ел көп кірмейтін кофеханаларда, сыраханаларда сөйлесуді...
Адасқандар
Гүлбике бұл тойда онымен кездесемін деп ойлаған жоқ болатын. Би билеп жүрген қара нөпір қалың топтың арасынан байқай қалды да, жүрегі дір ете түсті. Төрт жылдан бері көргені осы. Жүзі сәл кесек тартып, нұрланып, ажарланып алған. Сол баяғысынша...
ҚЫРСЫҚ
Қырекеңді бір қырсықтың айналдырғанына жеті – сегіз жыл болды. Қандай ұшық болды екен, аяғын қалай басса да алдынан бір көлденең шықпай тұрмайды. Жайдың бұлтындай теңгедей бір қара көлеңке төбесінен аумай – ақ қойды. Қырекең қалай ойласа да, байыбына бір...
Көк йірім
әңгіме
Қарақыз Рольге отырып, автовусты от алдырып қойып, бірталай тосты. Бір-екі рет сегнал берді. Жол үстіндегі бекетке тоқтаған. Тамақ ішіп болғалы да жарым сағаттан асып кетті. Сонда да ешкім шығатын емес. Тек ең артқы орындықта көздері бақырайып, төрт...
Бұл күндері Қамида өзін ешкімнен кем санамайды. Шалқып жатқан тұрмыс мынау, жайнап тұрған үйі анау. Өңі де бұрынғысынан жасарыңқырап, ажарланып алды. Хош иісті майдың үстіне қалың жағылған ұпаның кереметімен болымсыз секпілі де білінбей кетті. Күн өткен сайын ақ бөртеленіп,...
Гәкку
Әңгіме
Көксиыр жазығының толықсып тұрған бір шағы. Деген семізауыз кез. Майқапшағай тауынан сонау Ертіске дейінгі көз жеткісіз кең өлке
нің жомарт бір тұсы. Өткен көктем жауынды болған. Мидай жазық далада бетеге, жусан, селеу аралас биік өскен-ақ шөп самал желмен жан кіріп,...
Жаңа отау
әңгіме
Төңірегіндегілер «Шао Ван» деп атайтын Ван фамилиялы қытай жігіті биыл жиырма беске шықты. Қытайлар мұны жиырма бес көктем дейді. Бағы жанған сол Ван мына жиырма бесінші көктемін Алматыда өткізіп отыр. Туған отанынан алыста жүрсе де, ештеңеден өгейсіген жоқ....
СҰЛУДЫҢ ШАРАПАТЫ
(әңгіме)
Адам өзгеге ғана емес, өзіне де әділ болуы керек қой. Өткен күндеріме көз жіберіп, ой таразысына салсам, өзімнен өзім жиркенетін талай қылықтарым бар екен: Шектен асқан пысық та болдым. Жел өкпе де болдым. Пайдакөстігім мен суайттығым тағы бар....
МЕНІҢ ЖЕҢГЕМ
(әңгіме)
Үлкен қалаға, озаттар жиынына баратын болғаныма дардай қуанып қалдым. Үш жылдан бері осы бір мешеу әтіреттің бет – бейнесін өзгертемін деп жар құлағым жастыққа тимей, зыр жүгіріп едім. Енді міне еңбегім жанып, саңлақтар сахынасының төрінен орын тигелі отыр....
Қызыл әскердің әйелі
әңгіме
Дүниеге әйгілі Қытайдағы мәдени революцияның қан жалап тұрған бір кезі. «Төңкеріске қарсы елементтер, партия ішіне жалбызбалап кіріп алған капитализм жолымен жүрген ұқықтылар» деп аталатын бір топ адамды күреске алып жатты. Бұлардың көбі осы ауданның бұрынғы секретары, әкімі...