Алыс-жақынға аса беделді, «тү» деген түкірігі жерге түспей тұрған облыстық соттың бастығы Қоқымбайдың әйеліГүлиша аймақтағы партия мектебінен, бір жылдық саяси курстан көңілді оралды.
Қала тұрмысы деген қызықты ғой. Бір жыл дегенің бір күнгідей білінбей өте шықты. Қандай ғажап! Қайда барса да көзге ап-анық көрініп тұрған жаңа реформаның жемістері. Қайда барса да аузы аңқиып қалған. Бәрі тамаша. Босқа жүрген ешкім жоқ. Елдің бәрі өз еңбегінің бодауымен игіліктенуге жатылып алған. Көз көріп, құлақ естімеген жаңа дүниелер. Бәрі де ұнап тұр-ау. Жалғыз-ақ…
Гүлиша орта мектептің мұғалымы болатын. Үлгілі озат мұғалым. Сонша керемет өзгерістердің ішінен оған жақпағаны жалғыз-ақ нәрсе. Қыз-келіншектердің тым еркіндігі. Тіпті орта мектептің жоғары класында оқитын ересек қыздардың өзі де тым бейбастақ. Өте шалдуар. Нарыққа бейім.
Ұзақ сапардан аман-есен оралғанына қуанып, құттықтап келіп жатқан туыс-туған, ел-жұртқа басқасының бәрін майын тамызып, тамсанып отырып айтса да, жалғыз-ақ көңіліндегі осы түйткілдіол іркіп қалған. Тіпті айтуға арланған. «Мал құлағы саңырау» деп аузын тиған. Бірақ сондай бір келеңсіз оқиға үш күннен кейін өз үйінен, өз алдынан шыға келгенде… Өзіде көргенді боп өскен, қыз кезінде де әдептен аттап көрмеген, келіншек болғаннан тартып, бүгінгі мынау орта жастағы толысқан шығына дейін де күйеуінің көзіне бір де бір рет шөп салып көрмеген, оқытқан балаларына да өмір бойы соны дәріптеп, құлақтарына құйып келген үлгілі ұстаз,мейірімді ана, опалы жар а дегенде аяқ астынан төбесінен жай түскендей болды.
Мейхуа деген олардың төртінші перзенті. Кенже қызы. Атын да әдейі қытайша «раушангүл» деп таңдап қойған. Осы үйдің еркесі де, әулиесі де сол. Бір жасынан бастап әкесінің мойнына мініп өсті. Не ішем, не кием деген жоқ. мектепте де маңдайы жарқырап, өз қатарының алдында жүрді.
Сол қыз – Мейхуа шешесі қайтып келгеннен кейін бір түрлілеу көрініп жүрді. Өңі азғындап жүдеген. Бет әлпетінде, нұры тамып тұратын дөңгелек жүзінде бір жадаулық бар. Әдемі қара көзіне ұялап қалған мұң табы да айқын. Мінезі де өзгерген. Қырлы мұрнының үсті тепшіп, секек қағып, жүгіріп келіп бассалатын тентек қыз қазір өте салғырт, марғау тартқан. Ерініп әрең қозғалады. Үстіне кигені де сөлекеттеу, қолқылдап тұрған кең көйлек.
-Жүдеп кетіпсің ғой, жаным,- деген шешесі оны алғаш көрген кезде-ақ аңғара қойып.
-Ауырдым, мама,- дегенқызы күрсініп.
-Қай жерің ауырды?
-Асқазаным..- деген қызы тырнағын шұқылап.
-Мен жоқта жақсы тамақтана аламағансың ғой. Бірдеңеден бұзылған шығар. Ащы-тұщы бірдеңе жеп пе едің? Бәлкім, суық бірдеңе ішкен шығарсың. Жарайды. Келдім ғой енді. Дәрігерге қаратам. Бәрі де жақсы болады…- деген шешесі оның аппақ маңдайынан сүйіп.
Қатарынан екі-үш күн, күндіз-түн демей амандаса келегендерден қолы бір босамады да, Гүлиша тек үшінші күні ғана қызының халын білуге уақыт тапты.
-Дәрігерге алып барайын. – деді таңертеңгі астан кейін қызы екеуі оңаша қалғанда.
-Жоқ. Бармаймын,- деді қызы басын шайқап. Сөйтті де көз жасын көл қылып жылап қоя берді.
Шешесі сонда білді. Қызының қолқылдап тұрған көйлегінің сыртынан қармалап сипап қалды да, есі ауып, қисайып құлап түсті.
Шешесі есін жиғанда күнәкар қызы шермиіп алып, аузынан суы ағып әлі жылап отыр еді. Гүлиша ыза болды. Ұрысты, қарғанды, сіленді. Зайыры ақылды адам еді. Ақыры телефон труфкасын алып, өзінің немерелес туысы, акушеркаМағираны шақырды.
-Жоқ. Жасанды түсік жасауға болмайды. Айы-күні таяп тұр ғой. Бүгін бе, ертең бе? Әуелі бұдан ары кешіксең, масқара болғанда көшеде түсіп қалғандай екен. Енді отырма. Перзенханаға апар. Мен бір оңаша бөлме дайындатайын. Ешкім әлі білген жоқ қой. Онда жақсы. Тез қамдан, – деді ол мұны асықтырып,қолды-аяққа тұрғызбай, үрейін ұшырып,- Қалғанын сонан кейін сөйлесеміз.
Он жеті жасар қыз. Толғағы ашты болды. Кейде тіпті есінен танып кете жаздап, талықсып жатты. Шешесі сонда қызынан арман қиналды. Ол да қайтерін білмей, жаны мұрнының ұшына келді. Кеше қанша ренжіп, ыза болғанымен енді «шіркін, қызымның орнына, керек болса, өзім-ақ өле қалсам..»- деп шын тілек етті.
Қыз екі көзі шарасынан шыға, алты айырығынан тер ағып, ауық-ауық түйіліп, қатты шыңғырып, арада бір сәтке тыныстап алып, қайтадан зар илеп, бебеу қақты. Сондай тыныс тапқан, әредік сәттердің бірінде шешесі әйелге ғана тән гүманхор, осындайды алдын ала білгісі келіп тұратынбір мінезбен:
-Айтшы, кім еді ол?- деп сұрады қызының аузына құлағын төсеп.
Әлі оннан бір гүлі ашылмаған балауса, жас қызды алдап соққан сұмырайдың кім екенін біле алмай шеше көңілі әлем тапырық. Жүрегі де ауырып соғады. Соны білсе, сонан кейін өзінің бар өші,кегі соған ауып, көңілі тыныстап қалатындай. Дүниеге келгелі тұрған нәрестенің әкесінің атын білсе, бәлкім, мынау қырсық толғаққа да бір себі тиетіндей. Шеше аңсары сонда.
-Кім еді ол?- деп түйілді шешесі қызының мына қиналысына дәтке қуат бір дауа іздегендей.
Қатты бұрап ширықтырған толғақтың ашты бір сәтіне тура келді де, қыз жауап беруге үлгіре алмады. Тән азабымен жанталасып, оны дереу ұмытып та кетті.
-Қайсы сұмырай, күнім, айтшы маған,- деп жалынды шешесі толғақ тыныс тапқан тағы бір әредік шақта.
Қыз кезерген ернін тістелеп, басын шайқады. «Айтпаймын» дегені. Осы арада шешесі бір қулық ойлады.
-Сен айтпағанмен құдай бәрін біліп тұр. Баланың әкесін айтпасаң, бәрібір босана алмайсың.- деді зіл танытып,- Алдыңғы күнәң да бір басыңа жеңіл емес. Сонан ғой мына қиналып жатқаның. Аллаға қарсылық қылма!
Қыз бір жеріне пышақ сұғып алғандай ышқына ыңырсыды. Қатты ауырсынып, қабағын түйді. Ессіз жанталасып, басын шайқап-шайқап жіберді. Қылғына жұтынып барып, бір талай үнсіз жатты да, әрең тіл қатты:
-Қаһар,- деді ерні әзер жыбырлап, көз жасын да көлдете төгіп.
-Қаһар? Қайсы қаһар ол?- деп шешесі түршігіп басын көтеріп алды.
Қыз үндеген жоқ. Осы орайда шешесі Қаһар аттас кімдер бар екенін ойланып көрді. Ондай атты…
Иә, ондай есімді еркектен… Ой, айтпақшы, қызы оқитын мектепте сондай атты біреу бар. Гүлишамен қызметтес. ББылтыр ғана үйленген жас жігіт. Спорт мұғалімі.Ұзын бойлы, сып-сида, сұлу мүсінді тамаша еркек. Әсіресе, волейбол, баскетбол ойнаған кезде бір қабат спорт киімінің сыртынан барлық мүшесі айқын көрініп тұратын тұста, кейде бір пендешілікпен, жасы өзінен көп кіші болса да, өзінің мынау саркідір шағына қарамастан, күнәлі болып, соған қызыға бір көз қиығын салып өтетін мезеттері де жоқ емес. Жас кезінде әйел затыбір көргенге қызыққыш, құлағыш болады. Әсіресе, он алты мен он жетінің төңірегінде, әлі ештеңенің қызығын көрмеген, өзін өзі тоқтата алмайтын ессіз, есер шағында тәуекелге көп барады. Сол шығар алдап қолына түсіріп алған. Әттең өзін!.. Айпақшы, иә, әйелі бар. Әйтпесе соған бере салса да болар еді. Әй, бірақ ол мінезді, сабырлы, моралды жігіт болатын. Мұндай ақымақшылыққа бармайтын шығар. Оның үстіне оқытушы тұрса…
Қаһар аттас онан басқа, ой, әлгі бір саудагер біреу бар. Қиылған қара қасты, қыр мұрынды, түрік пошымды,өңді жігіт. Бірақ, қазақ емес. Қыс болсын, жаз болсын, бұп-бұйра қалың кеудесін ашып жүретін жалаң төстің өзі. Әй, сол әлі үйленген жоқ-ау, сірә. Былайша ауқаты да жаман емес. Мінезі де жайдары. Бір әйелді мәпелеп бағып кетуге мүмкіндігі толық азамат. Бірақ, оның бұл семьямен араласы жоқ. Қызын да танымауы мүмкін. Кім біледі, бәлкім…
Ал, бірге оқитын оқушылардан анау тоғызыншы сыныпта ондай есімді бала жоқ. Оныншы «А» класта, жоқ. Оныншы «б» класта, иә, анау өлездеу біреу бар. Қызға қырындағанды қойып, жанын баға алмай жүрген бір маубас. Әй, бір есептен мұндай жасырын сұмдық көбінесе сондай өлез, сілімтірлерден шығады.
Тұра тұр. Онан өзге? Бұл көшеде, анау базардың бергі жақ бұрышында ашық далада насыбай сатып, бөтелке алып отыратын тағы біреу бар. Оның да аты қаһар. бет-аузы ұйпалақтанған қалың жүн. Желкесіне түскен шашына да, қауметі қалың ұзып сақалы мен қою мұртына да өмірі бір рет ұстара тиіп көрмеген қауға сақалдың өзі. Сөйлегенде дыбыс шыққанда аңғармасаң, тіпті, аузы да көрінбейді. Түксиген қалың қабағының үстіндегі бас бармақтай боп топтанған қалың қара қасы да ерекше ұзын. Арасында өрмекшінің сирағындай андыз-андыз кесек талдары да бар. Бет бейнесі де сағал-сағал. Кір ме, тер ме , белгісіз. Үнемі тұқыжыңдап, бірдемені шұқылап,тұқырып кеп отырғаны. Әлде қалай біреуге басын көтеріп қарай қалса,ең алдымен биік қаңсарлы мұрнының доп-домалақ ұшы көрінеді. Үстіндегі киімі де қомша бірдеме. Жазы-қысы киетіні сыртында тысы жоқ қара қожалақ тері желетке. Аяғында добалдай үлкен, дорба бас әскери бәтіңке. Үй дейтін үйі де жоқ. Төбесі майысып,ортасына түскелі тұрған ескі қопын. Қырықжамау ескі үй. Есік алдында сым темірмен шандыған қоршаудың ішінде дағарға салып, аузын шандып тастаған тау мая бөтелке. Бұл жаққа оның қызы қуаласа да бармайтыны анық. Маңынан өткенге жиіркенеді әуелі… Сонда кім болғаны?
Осы кезде шешенің ойында тағы бір есеп тұрды. «дәл мынадай қиналыс сәтте, қыл үстінде айтқызып алмаса, босанып кеңігеннен кейін мәңгі тіс жармай кетуі де мұмкінғой. Күйеуі қанша жылдық тәжірибелі, керемет сот болғанымен де, қылмыскердің кім екенін білмей тұрып, не істей алады?!»
Ол қызын әрі қорқытып, әрі арбап шүйліге түсті:
-Айта ғой, ұрыспаймын. Өзім ғана білемін. Ешкімге де айтпаймын.- деді оның маңдайынан сипап.
Қыз сонда да жауап берген жоқ. Түтігіп кеберсіген еріндерінің қайызғақ тектес аппақ қабыршықтарын жалады. Бір жұтынып алды да, тымпиып қалды.
-Әлгі мұғалім қаһар емес пе?- деді шешесі аузына сөз салып.
Қыз басын шайқады.
-Саудагер Қаһар емес пе?
Қыз тағы белгі берген жоқ.
-Бірге оқитын біреу емес пе?
Қыз тағы басын шайқады.
-Айтшы, күнім, кім болса да айтшы. Аллаға сиыншы. Бір жеңілдігін берер.- деді шешесі өмешегі құрып, өзеурей түсіп.
Қыз көзін жұмды. Көп уақыт үнсіз жатты. Көзінен мөлдір-мөлдір меруерттер төкті. Бір заманда аппақ желімдермен жабысып, ашылмай қалған еріндерін зорға қозғап, жыбыр еткізді. Шеше де ұмсынып, құлағынтөсей қалды.
-Сол…
-Кім? Қайсы Қаһар?
Қыз ұзақ күрсінді.
-Сол. .. Насыбайшы шал.
Шешесі шыңғырып жіберді. Дауысты естіп, Мағира жетіп келді. Укол салып, дәрі құйып, шешесіне әзер ес жиғызды.
Қызғатүк те болған жоқ. Аман- есен босанды. Балпанақтай ұл туды. Енді ол шешесіне бәрін де жасырмай айтты.
Екі жылдың алдында,Мейхуаның он бес жасқа толған туған күнінде, үйінде, кілең ығай мен сығай жиналып, көл-көсір қонақасы болған күннің ертеңінде саудырап қалған бос бөтелкелерді жинап-теріп пәкетке салып алған қызы базардың бір жақ шетіндегі насыбайшы шалға барады.
-Кімнің қызысың?- деп сұрайды насыбайшы шал бөтелкелерді аузының бүтіндігін сипалап, тексеріп көріп жатып.
-Қоқымбайдың.
Шал бұған бастабында шошыған кісіше ажырая қарайды. Сонан кейін жымың қағып күліп жібереді.
-Әлгі сот бастығы Қоқымбай ма?- деп сұрайды бұған барлай қарап.
-Иә.
– Өз қызысың ба?
– Иә, өз қызымын.
-О – о… онда жақсы адамның қызы екенсің. Әкеңді білеміз ғой. Бүкіл аймаққа әйгілі адам. Жарайды, жарайды.- дейді олойланып қалып,- Мұнда бөтелке әдетте бір де екі Мао *. Ал сен жақсы адамның қызы болғаның үшін мен саған бір бөтелкеге бес маодан төлейін. Бірақ, әке-шешеңе айтушы болма. Олар өте әділ адамдар. «Базар бағасын бұздың»- деп маған әлек салып жүрер.- дейді ақшасын санап беріп.
Қыз қуанып кетеді, әрине. Кетіп бара жатқан қызды насыбайшы шалқайта шақырып алады.
-Атың кім, айналайын?- дейді оның арқасынан сипап.
-Мейхуа.
-Атың да жақсы, өзің де әйбәт қыз екенсің. Бұдан кейін де келіп тұр. Саған ыңғай осындай баға. Бірақ, басқа ешкімге тіс жарушы болма.- дейді қадағалап.
Күндер өте береді. Мейхуа да әркез насыбайшыға келіп тұрады. Шал оның уысына кейде тіпті есептен тыс та кесек-кесек ақша ұстатып жібереді. Әр жолы осындай кезде: «әкең жақсы адам ғой. Бұл соның құрметі» дегенен жазбайды. Оның үстіне былайша үндемей отырғанымен, насыбайшы шал өте әңгімеші адам болып шығады. Көп қызық әңгімелер естиді. Шалдың білімділігіне таң қалады. Әр жолы қуанып қайтады. Бара-бара Мейхуа онан тартынбайтын да болады.
Бір жолы шал оны «ақша алып беремін» деп үйіне ертіп барады. Оның үйіМейхуа ойлағандай болмай шығады. Сыртыжарбиып тұрғанымен, іші тап-таза.Жалғыз кісілік төсек орын датап-тұйнақтай. Түсті телевизор, жаңа үлгідегі радио, кір жуатын машина…
Оның сыртында тағы бір қызығы, Мейхуаны ерекше таң қалдырғаны, үйдіңаппақ қабырғаларына ілінген музыка аспаптары. Скрипка ,гитара,домбыра. Бәрі бар. Төсектің бас-аяғы түгел шашылып жатқан ақша. Юан да, доллар да жайрап жатыр. Қыз байыбына бара алмай, сілейіп тұрып қалады.
Келесі жолы бір барғанында насыбайшы шал оған басқа адам болып көрінеді. Жаман киімдерін ауыстырып алғаннан кейін олбет-аузын жапқан,
———————-
*мао- қытай ақшасы. Он тиын.
бейберекет қоя беріліп, ұйысып, ұйпалақтанып қалған сақал-мұрты ғана ерсілеу демесең, салауатты, ғұлама бір ғалымға да үқсап кетеді.
-Домбыра тарта білесің бе?- деп сұрайды Мейхуадан.
-Енді үйреніп жүрмын.
-Гитараны ше?
-Жоқ.
Ол алдымен домбырадан Құрманғазы, Тәттімбеттің, Динаның күйлерін дүркіретеді. Онан соң гитараны алып, татар әуендерін, «керуен» күйін ойнап, аядай бөлмені мұңлы, қоңыр сазға толтырады.
-Саған үйретейін бе?-дейді қыздың өзіне бар жанымен құлап, үйіріле қалған сезімтал көңілін аңғара қойып.
Қыз үндемейді. Ол қызғагитараны ұстатады да, өзі оның ту сыртынан келіп құшақтай отырып, қыздың екі қолын кезек-кезек ұстап, икемге келтіре бастайды.
Сонан бір кезде, күз маусымының жауын-шашынды, сүркей күндерінің бірінде, насыбайшы шал қызға арнап гитараданайысты бір күй ойнап береді де, күй сарынына ұйып, көзін жұмып, манаурап отырған еліккіш қызды қапсыра құшақтап көтеріп алып, төсегінің үстіне алып ұрады. Осы күнге дейін ешбір ұл баланың иегі тиіп көрмеген балғын жүзіне, уыздай үлбіреген ақ бетіне ұйпалақ-ұйпалақ болған қалың сақалын үйкелейді. Насыбайдың қоңырсық шаңыты мүңкіп тұрған сасық демімен ұлпадай үлбіреген қызыл ерінге жабысады. Қыздың жүрегі айнып, құсқысы келеді. Қолқасы үзіліп кетердей болып, өмешегін суыра лоқсып-лоқсып жібереді…
Қоштасарда қыздың қалтасын ақшаға толтырады. Жақұт көзді жүзік сыйлайды. Онан ары үстелдің суырмасында тұрған, қынына ұйғұр өрнектері ойылған, жетесіне Иіңісар * ұсталарының таңбасы шегілген, дүзінен қызылды-жасылды от ойнап, қыл қауып тұрған кере қарыс пышақты алып шығып, үстелге шарқ еткізіп, шаншып қояды да:
-Мынау немене, білесің бе? Сертке соғылып, кекпен суарылған ақ алмас. Осының алдында ант бер. Ешкімге айтпаймын де. Егер серттен тайсаң, саған да, маған да осы жалынады. Ұқтың ба?!- дейді жүрегін онан араман шошындырып, ып-ыстық үйден сұп-суық сүркей далағашығарып салып…
Шешесі қызының әңгімесін түршіге, көзінің жасын көлдете отырып тыңдады. Бірақ, күйеуіне тіс жарып, ештеңе деген жоқ. Тіпті қызының осындай халге душар болғанын да әзірше жасыра тұруды жөн санады. «алдымен өз ақылыма жүгініп көрейін. ер адамға айту қашпас. Еркек жүрген жер ерегіссіз болушы ма еді!? Айғай-шу, жаңжал, бүлік қажет болса, ол оңай ғой…»- депсабыр сақтады. Дегенмен, оңай болған жоқ. «Мейхуа перзентханадан шыққаннан кейін қайда апарамын? Қайда жасырамын?»- деп күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеді.
Үш күннен кейін, Мейхуа өзіне өзі келіп, сергіп, тыңайып қалған бір күні, дәл түскі тамақ ішіліп болғаннан кейінгі бір әредік сәтте, оңаша бөлмеге бейтаныс еркек кірді. Бет-аузынжапқан қою да қалың сақалдан қып-қызыл
——————–
*Иіңісар- жер аты
мұрнының ұшы ғана көрінеді. Орта бойлы, құж денелі біреу. Үстінде жоғары сортты қоңыр түсті костюм-шалбар. Ине-жіптен жаңа шыққан. Ақ көйлек киіп, қызыл галстук таққан. Аяғында дәл осы кездегі модаға лайық үшкір тұмсықты бәтіңке.
Есік қақпай, рұқсат сұрамай төте кірді де, аман-сәлем ретінде ернін ғана жыбырлатып, орындыққа өздігінен келіп отырды. Табалдырықтан а деп аттағанда басын сәл төмен иіп, тұқырыңқырап кіргендей болып еді, енді Гүлишаға қасқая қарады. Қаракүйемен сызып, әдейі жасағандай қара қастың астынан жалғыз көз қадала қарайды. Бір жақ көздің орны ғана бар. Ойылып, шүңірейіп, ішіне кіріп кеткен титтей шұңқырдың астыңғы жақ шетінен жас па, сора ма , бірдеңе жылтыраған сияқты көрінеді. Онан төмен қыртысы қалың талауратқан қып-қызыл беттің қақ ортасын тіліп өткен, майлап тастағандай жып-жылтыр болып біткен, бір жақ ұшы ұйысқан қауметтің ішіне кіріп барып көрінбей кеткен ұзын тыртық жатыр.
Гүлиша шошып қалып, кеудесін қос қолыменбаса қалды да, екі көзі шадырая беріп,келген адамға бір, қызына бір қарады. Қызының көзі де бақырайып кеткен еді.
-Рұқсатсыз кіргеніме ғафу өтінем. Сіз Мейхуаның мамасы боларсыз? Айыпқа бұйырмасаңыз, сізбен сөйлесетін төтенше бір жұмысым бар еді.- деді отырар отырмастан Гүлишаға төтесінен тіл қатып.
Гүлиша қайтерін білмей, аузына еш сөз түспей,аңқиып отырып қалды.
– Мен он жеті жылдың алдында консерватория бітірдім. Сонан осы Н ауданына,анау№ 1орта мектепке музыка мұғалімі болып келдім. Дәл сен мына қызыңа босанған, тамызайының соңғы кезінде. Сен мені сонда көргенсің. Ұмытып қалмаған болсаң, осы қызыңның шілдеханасында мен музыка ойнап берген болатынмын. Осы ауылда, анау шеткі көшеде жаңғыз шешемтұратын. Білетін де шығарсың. Елдің бәрі «қисаң апа» деп атайтын ақсақ кемпір. Мен соның жар дегенде жалғыз ұлымын. Сонан келесі жылы көктемде, Наурыз мерекесі қарсаңында концерт дайындадық. Сол күні мен кешкі сағат онға дейін репетицияда болдым. Онан шығып, бір кафеден тамақ іштім. Сол арада аяқ астынан жаңжал шықты. Біреулер даяшы қызды шашынан сүйреп, соғып жатты. Қарап шыдап отыра алмай мен қызға араша түстім. Әлгі озбырды жұдырықпен бірді асатып, қызды босатып алдым. Дәл осы кезде милиция келіп қалды. Әлгілер – содырлар қас пен көздің арасында бәрі тайып беріпті. Кафеде қызметшілер, онан басқа кеудесіне пышақ ұрылған қызды құшақтап мен қалыппын… Мені уақытша тергеу изоляторына апарып қамады. Көп тергеу болды.Ақырында, мына сенің күйеуің Қоқымбайменің көзімше әлгі қызға пышақ салған қылмыскерден бес мың доллар пара алды да, меніон бес жылға соттап жіберді. Сүйген қызым бар еді. Өмір бойы мен деп жанын шүберекке түйіп келе жатқан байқұсшешемді қуантып, той жасауға дайындалып жүргенмін. Енді ол қыз да жайына кетті. Дос-жарандар да өз жөнін тапты. Жалғыз шешем ғана, менің соңымнан қаңғып жүріп, ақыры түрменің босағасында, ай далада жан тапсырды. Сонымен, ит көрмеген қорлықты көріп , мына бір көзді шығарып, мына бетті осылай тыртық қылып жүріп,- деді ол сұқ саусағын соқыр көзі мен тыртық бетіне тигізе нұсқап қойып,- Он бес жыл да бітті-ау, әйтеуір. Қайтып келдім. Түрмеден босанып шықтым да, бір жыл сенделіп бос жүрдім. Абақтыданшыққанадамды кім қызметке ала қояды деп едің. Сонан… Атымды өзгерттім. Сақал-мұртымды қоя бердім де, базардың бір бұрышында отырып, насыбай саттым. Бөтелке жинадым. Есі-дертім «әттең, Қоқымбайдан өшімді бір алсам!» деп ойладым да жүрдім. Аз емес, тұп-тураон бес жыл ойладым. Іргеңде отырып алдым да, сенің үйіңді аңдыдым. Адамға қастық жасау, кісі өлтіру туада қолымнан келмейтін еді. Жүрегі жұмсақ сезім адамымын. Музыкантпын ғой. Ақыры, аяқ астынан сенің қызыңды, мына Мейхуаны көрдім де, соны аңдыдым. Онан арғысын өзің де көріп отырсың. Менің атым, кейінгі есімім – Қаһар. Ел насыбайшы Қаһар деп атап кеткен қайыршы мен боламын. Менің қолымнан бұдан басқа ештеңе де келмейді. Оны сен де, сенің күйеуің де, ел де біледі. Айтайын дегенім бұл ғана емес, мен Мейхуаны алып кетемін. Солай. Көріп отырсың, ұлым бар ғой әне. Қазір мешітке апарамын да, некемізді қидырамын. Онан соң үкімет жолы бойынша некеге тіркелетін шығармын. Білем, Мейхуаның жасы он сегізгетолған жоқ. Оны қажет болса, әкесі өзі толтырады. Жөнін білетін адам ғой. Оған қинала қоймайтыны белгілі. Егер осыным үшін тағы да жазалы болсам, оған да шыдаймын. Алда-жалдабасқаша болып, іс насырға шауып, бөлек әңгіме шығып жатса, онда ең алдымен ел алдында өздерің масқара боласыңдар. әйтпегенде, мен келгенше Мейхуа менің үйімде, менің абақтыдан екінші рет босауымды күтіп, тосып отыратын болады. Шеше-еке,- деді ол осы арада кенет сөзін жұмсарта, сыпайылай сөйлеп,- Мен сізге айтарымды айтып арылдым. Қалай түсінсеңіз де өзіңіз біліңіз.
Қыз шешесі қайтерін білмей, мелшиіп отырып қалды.
Жігіт орнынан тұрды да, Мейхуаға жақындап барып, тұмса ананың қасында ораулы жатқан тұңғыш ұлын қолына алып, төбесіне биік көтерді:
-Сенің атың да Қаһар болады.- деді маңдайынан иіскеп. Сонан соң Мейхуаға бұрылды:
– Баяғыданәдейі айтпай, дәл осы сәтке деп, сары майдай сақтап жүрген бір сөзім осы еді. Қарсы болмасаң, жүр, кеттік, Мейхуа!- деді.
Қыз еңіреп жылап қоя берді.
соңы
2005.ж. Алматы.