Алтайды «Алтай аясынсыз» елестете алмайсыз, ал «Алтай аясын» Жақсылық Сәмитұлынсыз еске алу мүмкін еместі…
Алғаш қисса, дастандар мен шешендік сөздерді осы журналдан оқыдым. Тіпті әлгі басы істемейтін қырық уәзірі бар, зұлым патшалармен олардың есерсоқ ұл-қыздары туралы аңыз-әңгімелерді де осы журналдан оқығам…
«Алтай аясының» 1985 жылғы санын да Жақсылық Сәмитұлының атақты «Ақ тілек» повесті, оның астындағы 1986 жылғы санына «Иендегі екі бейт» әңгімесі жарияланған.
Жақсылық Сәмитұлының Алтай қазақтары үшін, қайта туылмайтын ерекше жан екенін бірінші сынып оқыған жылы түсіндім…
Біздің ауылдың қарттары Жақсылықтың сол жылдары Қазақстандағы қал-жайынан хабар алған сәтте, жанып тұрған көз жанарлары тұман тарта, қабақтарын шытып, аза тұтқан адамдай қолдарындағы шәй құйылған кеселерін көтерген бойы,үнсіз қатып қалған сәттері. Тіпті, үміттері үзілгендей еңселері басылып, даурығып отырған дауыстары бәсеңси күбірлеп «Жақсылықтың жүрегі қазақ»-деп, соңғы үміттерін Жақсылық Сәмитұлына қарай аудара берген кездері күні бүгінге дейін көз алдымда.
Алтай қазағының тағдыры мен тарихы «Қаһарлы Алтай» ға қарап тұрған еді…Жазушыға осынша үміт артатын халық барын сонда сездім.
Алтай қазағы үшін, Жақсылық Сәмитұлы басын бәйгеге тікті десем артық еместі.
Шығырмаларын толық түсінбесем де, бірақ Жақсылық Сәмитұлының жазушылық тағдырын, мұңын, жан азабын толық түсінем.
Менің қаһарман жазушымның кеше туған күні😊