Сейсенбі, Маусым 6, 2023
Home Көркем проза

Көркем проза

1969 жылы жаз. Үрімжі қаласында «Кеңес одағы ревизионистеріне қарсы» арнаулы көрме ашылды. Көргізбеге Үрімжі тұрғындары, завод- фабрикалар, жұмыс орындары, университеттер, мектептер… бойынша кезек-кезегімен міндетті түрде апарылып жатты. Барып келгендердің бәрі де көргізбенің кереметіне таңдайларын қағып, таңданысып жүрді. Әсіресе, ұлы...
Әке-шешесі қанша мәз болып далақтағанымен Сақан бұл жолы қуана қойған жоқ. Өткен күзде ғана осындай бір күннің жетіп келуін ол құдайдан күндіз де, түнде де тілеген болатын.  Енді сол орай ойламаған жерден, көктен түскендей, өздігінен жетіп келген кезде оның...
МЕНІҢ ЖЕҢГЕМ   (әңгіме)   Үлкен қалаға, озаттар жиынына баратын болғаныма дардай қуанып қалдым. Үш жылдан бері осы бір мешеу әтіреттің бет – бейнесін өзгертемін деп жар құлағым жастыққа тимей, зыр жүгіріп едім. Енді міне еңбегім жанып, саңлақтар сахынасының төрінен орын тигелі отыр....
Гәкку   Әңгіме   Көксиыр жазығының толықсып тұрған бір шағы. Деген семізауыз кез. Майқапшағай тауынан сонау Ертіске дейінгі көз жеткісіз кең өлке нің жомарт бір тұсы. Өткен көктем жауынды болған. Мидай жазық далада бетеге, жусан, селеу аралас биік өскен-ақ шөп самал желмен жан кіріп,...
Өліп қалған тірі адам   әңгіме   Торғауыт ауылдық үкіметтің бухгалтергия бөліміне кіргенде кеңседе есепші қыз жалғыз отыр еді. -Сәлеметсің бе, қызым?- деді Торғауыт үстелге жақындай беріп. -Сәлеметсіз бе?- деп қайталады есепші қыз да көзін алдындағы қағазынан алмай. -Мені танисың ғой, қызым,- деді Торғауыт қыздың қарсысына...
АҚ ТІЛЕК   Бұл әңгіменің кей жерін, әсіресе, аса бір дәмді жерін ұмытып та қалған ұқсаймын. Өйткені, мұны естігеніме де, міне,  табаны күректей он бес жылға  таяп қалды. Содан бір-екі жыл ғана  кейін, жетпіс сегіз жасында дүниеден көшкен Ақберді атайдың анау...
Алағақтан құданың үйінен түстік жеп, енді аттанайық деп есік алдына шыққан кезімізде құдағи қасымызға келді: -Машинаңда орын бар ма? Бір адам бар еді, Шеміршекке дейін ала кетсең,- деді күңк етіп. -Иә, жарайды. Бір емес, екі адам болса да боспыз,- дедім мен. -Онда...
ӘНШІ ҚЫЗДЫҢ БІР ҚҰПИЯСЫ   Біз ол екеуізіміз бұрыннан дақсы дос едік. Пәлендей құпия сырымыз болмағанымен, елден бөлектене қалып, көрмәзірет бірдеңелерді оңаша отырып сөйлесуге құштар болатынбыз. Кейде тіпті үйде  әңгімелескенге місе тұтпай далада, бақшада немесе ел көп кірмейтін кофеханаларда, сыраханаларда сөйлесуді...
Университетте қатарлас оқыған ескі танысым Қамашпен жиырма жылдан кейін қайта кезігетін болғаныма мен шынында қатты қуандым. Бір факультетте, бір топта бірге оқымасам да, Қамашты әбден танитынмын. Қабат – қабат ғимараттардың подвалынан, жер үйлерден қазылып алынып, кір басып қалыңдап, шаң сіңірген...
Ата қоныстан іргеміз бөлінген күннен бастап – ақ бізді қырсық шала бастады. Шұңқырдың көк алшын сонысын жүзіп жүріп, шөптің басын таңдап жеп үйренген қараң – құраң малымыз жаңа қонысты жерсінбей, туып - өскен мекенін өгейлеп, тез азып кетті. әсіресе,...