Дүйсенбі, Қыркүйек 25, 2023
Алыс-жақынға аса беделді, «тү» деген түкірігі жерге түспей тұрған облыстық соттың бастығы Қоқымбайдың әйеліГүлиша аймақтағы партия мектебінен, бір жылдық саяси курстан көңілді оралды. Қала тұрмысы деген қызықты ғой. Бір жыл дегенің бір күнгідей білінбей өте шықты. Қандай ғажап! Қайда барса...
Жүк тиелген «Камаздың» кабинасында үш ересек адам бармыз. Қара мұртты, егде қазақ– жүргізуші, менің нағашы ағам, мен және Тәшкенттен шығарда өлердегісін айтып, жалынып, жабысқаннан кейін отырғыза салған омырауда баласы бар бейтаныс келіншек. Алғашында нағашы ағам оған онша пейілді болмап еді: –...
МЕНІҢ ЖЕҢГЕМ   (әңгіме)   Үлкен қалаға, озаттар жиынына баратын болғаныма дардай қуанып қалдым. Үш жылдан бері осы бір мешеу әтіреттің бет – бейнесін өзгертемін деп жар құлағым жастыққа тимей, зыр жүгіріп едім. Енді міне еңбегім жанып, саңлақтар сахынасының төрінен орын тигелі отыр....
I Жазғытұрым болып,күн ұзарып қалса да  тау  ішіне қараңғылық әлі   де ерте түседі. Қызуы мол нұрлы күн биік қаңсардың  бір қырқасына иегін артып,қып-қызыл өрт теңізіне құлай берген кезде-ақ нән жартастардың түбіндегі қара бояу қалыңдай береді. Терең сайдың жылы денесі тез...
Өліп қалған тірі адам   әңгіме   Торғауыт ауылдық үкіметтің бухгалтергия бөліміне кіргенде кеңседе есепші қыз жалғыз отыр еді. -Сәлеметсің бе, қызым?- деді Торғауыт үстелге жақындай беріп. -Сәлеметсіз бе?- деп қайталады есепші қыз да көзін алдындағы қағазынан алмай. -Мені танисың ғой, қызым,- деді Торғауыт қыздың қарсысына...
Әке-шешесі қанша мәз болып далақтағанымен Сақан бұл жолы қуана қойған жоқ. Өткен күзде ғана осындай бір күннің жетіп келуін ол құдайдан күндіз де, түнде де тілеген болатын.  Енді сол орай ойламаған жерден, көктен түскендей, өздігінен жетіп келген кезде оның...
Жақсылық САМИТҰЛЫ Жалғыз тілек   әңгіме   Өскемен қаласының бір шетіндегі абақтыда жатқан Көккөздің түсіне Әзірейіл кірді. Оның осындай бір ғажайып түс көретіні бар. Жаны ең қиналған сәтте ылғи періште көреді. Бір есептен түс емес, аян сияқты. Өзі де анық білмейді. Қалың ұйқының бір...
      Бұл күндері Қамида өзін ешкімнен кем санамайды. Шалқып жатқан тұрмыс мынау, жайнап тұрған үйі анау. Өңі де бұрынғысынан жасарыңқырап, ажарланып алды. Хош иісті майдың үстіне қалың жағылған ұпаның кереметімен болымсыз секпілі де білінбей кетті. Күн өткен сайын ақ бөртеленіп,...
СҰЛУДЫҢ ШАРАПАТЫ   (әңгіме) Адам өзгеге ғана емес, өзіне де әділ болуы керек қой. Өткен күндеріме көз жіберіп, ой таразысына салсам, өзімнен өзім жиркенетін талай қылықтарым бар екен: Шектен асқан пысық та болдым. Жел өкпе де болдым. Пайдакөстігім мен суайттығым тағы бар....
Ши-анда оқып жатырмын. Үлкен қала. Бір кезде, Президент Жяң Жиешының тұсында, уақыттық болса да, Қытай мемлекетінің астанасы болған әйгілі орда. Қанша керемет дегенмен, алғашқы кезде онша ұнай қоймап еді. Мен сияқты сахарада туып өскен ауыл баласына қала өмірі, жатын...