Алағақтан құданың үйінен түстік жеп, енді аттанайық деп есік алдына шыққан кезімізде құдағи қасымызға келді:
-Машинаңда орын бар ма? Бір адам бар еді, Шеміршекке дейін ала кетсең,- деді күңк етіп.
-Иә, жарайды. Бір емес, екі адам болса да боспыз,- дедім мен.
-Онда...
Мен онымен вогзалда кездестім. Қытайдан келетін бір туысымыды қарсы алуға шыққанмын. Қай поезбен қай күні шыққанын хабарласа да, қай вагонда келетінін айтпаған. Сол себепті жамырап түсіп жатқан қалың жолаушыдан көз алмай, телміре қарап тұрған болатынмын. Кенет біреутусыртымнан «сарт» еткізіп...
Тастөбе дегеніміз аудан қалашығынан бірталай шалғай, атты кісіге күншілік жол болғанымен , маторлы көлікке онша алыс та емес екен. Мен екі сағатқа таяу уақытта-ақ көк адырдың бергі кезеңіне шығып тоқтай қалдым. Осы кезеңнен қарағанда көз алдағы жалпақ жазықтың бетіндегі...
Алыс-жақынға аса беделді, «тү» деген түкірігі жерге түспей тұрған облыстық соттың бастығы Қоқымбайдың әйеліГүлиша аймақтағы партия мектебінен, бір жылдық саяси курстан көңілді оралды.
Қала тұрмысы деген қызықты ғой. Бір жыл дегенің бір күнгідей білінбей өте шықты. Қандай ғажап! Қайда барса...
Аш та жүрдік. Тоқ та жүрдік. Ащыны да тең таттық. Тәттіні де таттық. Бүгінгідей жақсы күнде соның көбі-ақ ұмыт болды. Бірақ, сол бір күнгі қонақасы әлі есімнен шықпайды. Ойыма түскен сайын еріксіз бір жымиып, басымды шайқап, қиналып та қаламын...
Адасқандар
Гүлбике бұл тойда онымен кездесемін деп ойлаған жоқ болатын. Би билеп жүрген қара нөпір қалың топтың арасынан байқай қалды да, жүрегі дір ете түсті. Төрт жылдан бері көргені осы. Жүзі сәл кесек тартып, нұрланып, ажарланып алған. Сол баяғысынша...
Өліп қалған тірі адам
әңгіме
Торғауыт ауылдық үкіметтің бухгалтергия бөліміне кіргенде кеңседе есепші қыз жалғыз отыр еді.
-Сәлеметсің бе, қызым?- деді Торғауыт үстелге жақындай беріп.
-Сәлеметсіз бе?- деп қайталады есепші қыз да көзін алдындағы қағазынан алмай.
-Мені танисың ғой, қызым,- деді Торғауыт қыздың қарсысына...
Көк йірім
әңгіме
Қарақыз Рольге отырып, автовусты от алдырып қойып, бірталай тосты. Бір-екі рет сегнал берді. Жол үстіндегі бекетке тоқтаған. Тамақ ішіп болғалы да жарым сағаттан асып кетті. Сонда да ешкім шығатын емес. Тек ең артқы орындықта көздері бақырайып, төрт...
Гәкку
Әңгіме
Көксиыр жазығының толықсып тұрған бір шағы. Деген семізауыз кез. Майқапшағай тауынан сонау Ертіске дейінгі көз жеткісіз кең өлке
нің жомарт бір тұсы. Өткен көктем жауынды болған. Мидай жазық далада бетеге, жусан, селеу аралас биік өскен-ақ шөп самал желмен жан кіріп,...
МЕНІҢ ЖЕҢГЕМ
(әңгіме)
Үлкен қалаға, озаттар жиынына баратын болғаныма дардай қуанып қалдым. Үш жылдан бері осы бір мешеу әтіреттің бет – бейнесін өзгертемін деп жар құлағым жастыққа тимей, зыр жүгіріп едім. Енді міне еңбегім жанып, саңлақтар сахынасының төрінен орын тигелі отыр....