Сенбі, Қараша 16, 2019
Home Көркем проза

Көркем проза

Жүк тиелген «Камаздың» кабинасында үш ересек адам бармыз. Қара мұртты, егде қазақ– жүргізуші, менің нағашы ағам, мен және Тәшкенттен шығарда өлердегісін айтып, жалынып, жабысқаннан кейін отырғыза салған омырауда баласы бар бейтаныс келіншек. Алғашында нағашы ағам оған онша пейілді болмап еді: –...
Алдыңғы он шақты жыл ішінде талай хикімет жайлар кезікті ғой. Соның ішінде әрбір адамды жеке – жеке таразыға салып, шекесінен шертіп көріп, әркімнің өз бойына шақ әділ баға бергені де бір қызық болды. Енді бір ғажабы, өле - өлгенше...
Мен онымен вогзалда кездестім. Қытайдан келетін бір туысымыды қарсы алуға шыққанмын. Қай поезбен қай күні шыққанын хабарласа да, қай вагонда келетінін айтпаған. Сол себепті жамырап түсіп жатқан қалың жолаушыдан көз алмай, телміре қарап тұрған болатынмын. Кенет біреутусыртымнан «сарт» еткізіп...
Ата қоныстан іргеміз бөлінген күннен бастап – ақ бізді қырсық шала бастады. Шұңқырдың көк алшын сонысын жүзіп жүріп, шөптің басын таңдап жеп үйренген қараң – құраң малымыз жаңа қонысты жерсінбей, туып - өскен мекенін өгейлеп, тез азып кетті. әсіресе,...
Қадір ақсақал жетпіс жеті жасында, Алматы қаласында, оралмандарға берген көп қабатты сәулетті үйдің бірінші этажында, кенже ұлы Болатбектің қолында дүниеден озды. Қан қысымы өрлеп, жүрегіне ақау түскен қарияны ұлы мен келіні, немерелері болып қанша қастерлеп, алақандарына салып күтсе де,...
Университетте қатарлас оқыған ескі танысым Қамашпен жиырма жылдан кейін қайта кезігетін болғаныма мен шынында қатты қуандым. Бір факультетте, бір топта бірге оқымасам да, Қамашты әбден танитынмын. Қабат – қабат ғимараттардың подвалынан, жер үйлерден қазылып алынып, кір басып қалыңдап, шаң сіңірген...
Алағақтан құданың үйінен түстік жеп, енді аттанайық деп есік алдына шыққан кезімізде құдағи қасымызға келді: -Машинаңда орын бар ма? Бір адам бар еді, Шеміршекке дейін ала кетсең,- деді күңк етіп. -Иә, жарайды. Бір емес, екі адам болса да боспыз,- дедім мен. -Онда...
Аш та жүрдік. Тоқ та жүрдік. Ащыны да тең таттық. Тәттіні де таттық. Бүгінгідей жақсы күнде соның көбі-ақ ұмыт болды. Бірақ, сол бір күнгі қонақасы әлі есімнен шықпайды. Ойыма түскен сайын еріксіз бір жымиып, басымды шайқап, қиналып та қаламын...
Ши-анда оқып жатырмын. Үлкен қала. Бір кезде, Президент Жяң Жиешының тұсында, уақыттық болса да, Қытай мемлекетінің астанасы болған әйгілі орда. Қанша керемет дегенмен, алғашқы кезде онша ұнай қоймап еді. Мен сияқты сахарада туып өскен ауыл баласына қала өмірі, жатын...
Алыс-жақынға аса беделді, «тү» деген түкірігі жерге түспей тұрған облыстық соттың бастығы Қоқымбайдың әйеліГүлиша аймақтағы партия мектебінен, бір жылдық саяси курстан көңілді оралды. Қала тұрмысы деген қызықты ғой. Бір жыл дегенің бір күнгідей білінбей өте шықты. Қандай ғажап! Қайда барса...

Жақсылық Сәмитұлы

- Өмірбаян -

Танымал жазбалар

Біз ұсынған