Мен онымен вогзалда кездестім. Қытайдан келетін бір туысымыды қарсы алуға шыққанмын. Қай поезбен қай күні шыққанын хабарласа да, қай вагонда келетінін айтпаған. Сол себепті жамырап түсіп жатқан қалың жолаушыдан көз алмай, телміре қарап тұрған болатынмын. Кенет біреутусыртымнан «сарт» еткізіп қапсыра құшақтай алғанда еріксіз селк ете түстім. Жалт қарасам Жақай екен. Өз көзіме өзім сенерімді де, сенбесімді де білмей, бір сәт аңырып тұрып қалдым.
Жақай менің көп жылдан бергі көне танысым. Екеуіміз де дәрігерміз. Жалғыз айырмасы мен адам дәрігерімін. Ол мал дәрігері болатын. Бір қалада тұратынбыз. Тонның ішкі бауындай қоян-қолтық араласқан достығымыз болмаса да, бірімізді біріміз жақсы танитынбыз. Аман-сәлеміміз түзу жерлес едік. Меносылай қарай көшкелі жүргенде автобус аялдамасында кездесіп қалып:
-Сені Қазақстанға кеткелі жүр дейді ғой. Рас па?- деп сұраған онша ұната қоймаған әлпетпен.
-Иә, рас.
-Түу, қандай тас жүрек едің? Мынау өскен ортаны, ағайын-туған, ел-жұртты, дос-жаранды қалай қиып тастап кетіп бара жатқаныңа қайранмын. Ат-атағың, жұмыс орның анау…Осылай шалқып отырып..- деген мені кінәләй сөйлеп.
-Иә, кеттім не болса да… Ата-бабамның басы қалған туған жерге…- деп мен де ықылассыз жауап бергенмін.
-Сені мұндай ақымақ деп ойлаған жоқ едім. Ал, мен байлап апармаса, өмірі бармаймын ондай жерге!- деген маған тұмсығын көтере шекесінен қарап.
Сол Жақай осы. Менің әлгі таңдануым да содан. Бірақ ол мені еркі-алдыма қойған жоқ. Зор денелі, балуан мүшелі жігіт еді. Тас қып құшақтап, тапжылтпайқаусырған бойы аяғымды жерге тигізбей, деңгелек айналдырып, баурап әкетті. Арсалаң қағып, ақтарыла сөйлеп тұр:
-Ол жаққа да жақсы атағың жетіп жатыр асқақтап. Келе салып Президенттің кеңесшісі болып кетіпті деп бір естідік. Онан Жапонияға елші болып кетіпті деп бір дүрілдедік. Бұрынғы әйелін тастап бір орыс қызын алыпты деп те шуластық. Көрейік деп барғандар да болыпты. Есіктеріңнің алдындағы күзетші кіргізбей қойыпты деп жағамызды ұстадық. Қойшы, әйткуір, Қытайдан барғандардың асығы алшысынан түсіп тұр екен дегенде бүкіл Шынжаң бір қопсып қалды. Сонан енді артыңнан мен де жеттім. Оның үстіне, ой, ол жақта жаман. Барған сайын қиын болып барады. Сен бардағыдай емес, қазыр басқа. Қара қытай деген қаптап кетті. Құдай сақтасын…- деп төгіліп, көсіліп бара жатты.
-Қалай келдің? Қайда тұрмақсың?- дедім мен оның сөзін бөліп.
-Біздің туыстардың көбі осы жақта емес пе?! Мына Жетісудың бойы түгел жегжат, жұрат. Солар шақырған. Сонда тұратын шығармын.- деді Алатау жаққа қарап, қолын сілтеп қалып…
-Жарайды. Сау бол,- дестік аздан соң.
Мен бір танысыма қара тартып барып, Жамбыл облысының бір ауданында қоныстанып қалған болатынмын. Сол жерде аудандық емханадан бір бөлме жалдап алып, қытай медицинасы бойынша дәрігерлікпен шұғылданатынмын. Аузым дуалы, қолып шипалы болып, аз уақыт ішінде ел-жұртқа таныла бастап, атақ-абыройым өсіп қалған бір кез еді. Былтырғы кездесуден кейін дәл бір жыл өткенде бір күні арсалаң қағып, біздің үйге Жақай жетті.
-Әй, Ереке, Қызыр қолдаған әулие адам едің. Ақыры өзіңді іздеп келдім.- деді іші-бауырыма кіріп мақтап ала жөнеліп.
-Иә, не болды?
-Осы жаққа өз қасыңа келейін деп жүрмін. Сенен жақын ешкім таппадым. Туыс-туған дегеніңмен бәрі суықбауыр болып кеткен. Сіңісе алмадым.- деді мүсеуреп.
-Ал мұнда не істейсің?
-Біраз ақша жинап едім. Соған банк ашайын деп жүрмін. Банкіме «Сантала» деген ат беріп, құзырлы орындарға өтінішімді кіргізіп те қойдым. Кеңесбаевдегенді білетін шығарсың. Қазақстан халық банкінің бастығы. Сәті болғанда сол маған енемере туыс болып шықты. Банкінің лицензиясын сол алып бермек. Банкіге атты қалай қойғанымды айтайын ба? Менде үш бала бар ғой. Тұңғышымыз Сандуғаш, онан кейін Талап, кенжеміздің аты Ләтай болатын. Солардың үшеуінің атының басқы буындарын алдым. «Сантала» – міне, нағыз шетелдік есім. Құдай бұйырса, енді аз уақытта бұл жұмысымның қалай дүр ете түскенін өз көзіңмен көретін боласың.
-Сен экономист емес едің ғой?- дедім мен сәл шүбәланып.
-Қалайша экономист емес? Ереке, сіз білмейді екенсіз ғой, Мәдени революцияның алдында мен Пекин университетінің экономикафакультетін бітірмедім бе?! Әуелі сондағы бес мың екі жүз елу алты қытай студентінен қара үзіп шығып, екіүздік дипломның біреуін жеңіп алған жалғыз қазақ мен болатынмын. Сонда Қытайдың Премьер министрі Жуо-эн –лай: «ойпырай, қазақтың миы-ай?» деп таңдайын қаққан. Міне, сондағы диплом,- деп ол сумкасынан «Пекин Университетінің» қып-қызыл дипломын алып шығып, мақтана көрсетіп, елеуреу ескеуілдеп сөйледі.
Мен үндемей басымды изедім.
Сөйтіп ол елден ақша жия бастады. Өсімі деген, тіпті, керемет! Көз көріп, құлақ естімеген сыйақы. Он бес күнге берсең, елу пайыз. Бір айға шыдасаң, жүзге жүз.
Ел алғашында онша сене қоймай тартынақтап еді, Бірақ, бірен-саран «тәуекелшілдер» де табылды. Он бес күн, бір ай болғанда олардың тектен-текке қып-қызыл ақшаны санап алып жатқандарынкөзімен көрген халық енді өздерінің топастығына өкініп, ес-ақылдары шыға, таласа-атармаса «Санталаның» кезегіне тұрды.
Шағын бір аудан орталығында қанша дайын ақша болады дейсіз? Он-он бес күн дегенде салымшылардың аяғы толас тапты. Жақай да Алматыға кетті.
Сол кеткеннен Жақай мол кетті. Он бес күн, бір ай емес, екі ай, үш ай, алты ай бойы ат ізін салмай қойды.
-«Сантала» қайда кетті деп сұрайтын еді менен кейбір зейнеткер шал-кемпірлер.- Бізді алдап кеткен жоқ па?
– Алдамайтын шығар.- дейтінмін мен де оны жамандыққа қимай.
Шынында да солай болды. Бір жыл дегенде, дәл былтырғы сол уағында баяғысынша арсалаң қағып, Жақайжетті.
-Ой, Ереке, мені қайда кетіп қалды деп жүрген шығарсыздар. Құдай берді. Тұп-тура премьердің өзімен туыс болып шықтым. Қызық болғанда оның әйелі Дейко да маған туған жиен болып, тіпті де жақындай түстік. Ал, ана жоғары соттың бастығы менің шешемнің бірге туған бауыры екен. Сонымен кезек-кезек солардың қонақасында жүріп, уақыттың қалай өткенін білмей де қалыппын. Әй, олар біз сияқты емес, күнде той, күнде мереке. Санатория. Бес күн Ыстықкөлде болса, он күн Қырымда, Анталияда. Өмір деген соларда. Қызық атаулы сонда. Күнде шалқып, мәз-мәйрам, масаң жүріп, мен әуелі өзімнің кім екнімді де ұмытып кетіппін. Сонан қалай дейсің ғой. Бағым жанды. Алматыдан, анау «самал» дейтін шағын ауданнан жеке үй алдым. Бір гектар бақшалығы тағы бар. Айтпа. Өмірімде қолымның бір жеткен кезі осы. Ақша деген суша төгіліп жатыр. Баяғы күнім емес қой, қайдағы бір қара қазақша сумка көтеріп жүремін бе деп бұл жолы мына ағайындардың ақшасынәкелмедім. Екі-үш күннен кейін бухгалтер, есепшілерді жіберем. Көпшіліктен кешірім сұрап, ақшаларын толық қайтарам. Сұрап жатқандар болса, менің сәлемімді айтып қой.- деді екі езуі екі құлағына жетіп.
Мен оның бақытпен балқаштаған мынау нұрлы жүзіне, алып ұшқан қуанышты көңіл күйіне, ештеңесін жасырмай ақтарылып отырған мерейлі бейнесіне қарап оның бұл сөздерінің бәрінің де шын екеніне кәміл сендім. Әрі дос жүректен «құтты болсын» айттым.
«қонып жатып кет» деп жығыла жабыстым. Бірақ өте тығыз жұмыстары бар екенін, мына аудандағы әлі тұрмысы көтеріле қоймаған қалың елге егін егуге, қауын-қарбыз, жеміс-жидек өсіруге, алуан түрлі техника алуға көмектесу үшін ауылшаруашылығы министрімен кездесіп, келісім-шартқа отыруы керек екенін айтып, он шақты күнде қайта оралуға уәде беріп, асығыс жүріп кетуге қамданды.
Кетер алдында қалт тұра қалып:
-Айтпақшы, Ереке, қытай медицинасында инемен емдеудің жолдарын көрсететін, қай ауруға иненің қай нүктеден салынатынын түсіндіретін бір схема болушы еді ғой. Сонан біреу тауып бере алмас па екенсіз?- деді өтініш етіп.
-Иә, олсызбадан менде екеуі бір. Керек болса артық біреуін ала кет,- дедім мен жалбарақтап, сандығыма ұмтылып.
-Ой рақмет, осыған өте қызығушы едім. Жақсы болды ғой,- деді ол сумкасына салып жатып.
Бұл жолы ол тағы ұзақ айналды. Қуаныштары қойнына симаған ел үш күн күтті, он күн күтті. Үш ай тосты. Сонда да үміттерін үзбей, әрі екі ойлы күйде үнсіз шыдап жүре берді.
Тағы да бір жыл өтті. Мен бір жұмыспен облыс орталығынан ары «С» ауданына барған едім. Көшеде келе жатып, қарсы беттегі «қытай медицинасы» деген үлкен вивескані көріп қалдым. Жаныма жақын есім. Өз мамандығым. «кім екен бұл? Әлде мен танитын біреу болып қалмасын» деген оймен қасымдағы жерлік жігіттен:
-Кім бұл?- деп сұрадым.
-Қытай дәрігер. Өте білгіш, әулиеадам. Әйгілі профессор. Мамандығына қоса көріпкелі де бар. Талай ауруды жазды. Тіпті қатерлі ісікті де емдейді. Алақанының тесігі бар дейді. Адамның ішкі мүшесін сонымен көреді. Рентгн жол қалсын оған. Бір министрдің жүрегіне Нью-иоркте опрация жасалған екен. Соны алақанына қарапайтып берді. Ұзақ жыл жазылмаған бір депутатты да осы емдеп жазды. Содан сонысына риза болған олар осы қытай дірігерге біреуі астындағы «волгасын» түсіп берді. Біреуі мына бұрынғы бала бақшаны соның меншігіне қаратып, жекешелендіріп алуына көмектесті. Қазір ауырған елдің бәрі осында келеді. Бір жылдан бері жырғап қалдық. Баяғыдан бәріміз де Қазақстанның медицинасына сеніп, босқа алданып жүріппіз. Шығыс медицинасы, шөп дәрілері, инемен емдеуі қандай керемет!Қытай деген, шынында да, ұлы халық екен,- деді тамсанып.
Мен ойланып қалдым.
-Шын қытай ма?- дедім сәл күдіктеніп.
-Иә, қатай. Бірақ қазақшаны бізден жақсы біледі.
-Қара қытай ма?- дедім мен онан ары құтқуырлап.
-Иә, оралман қытай.
-Атын білесің бе?
-Ой, жоқ. Онда ат жоқ. Елдің бәрі қытай дәрігер деп атап кеткен. Аты болғанда да оны ешкім білмейді. «қытай дәрігер» демесең, ешкім де танымайды.- деді серігімтүсіндіріп.
-«жақсыны көрмекке» деген. Кіре шықсақ қайтеді?- дедім жоддасыма.
Түскі үзіліске таяп қалған кез еді. Біз де бардық. Есік алдынан, екі жақтауын алтын түстес сап-сары болат шыбықтармен сәндеген биік баспалдақтан еңгезердей, зор денелі ер адам түсіп келе жатты.
-Әне, сәті болғанда өзі де келе жатыр. Адам көп болып, кіре алмай қаламыз ба деп қорқып едім,- деді жолдасым әлгі адамды иегімен нұсқап.
Соның арасында қарама-қарсы келіп, жақындап та қалдық. Ойламаған жерден…Кенеттен денем ду ете түсті. Қалт сілейіп тұрып қалдым. Өзіме өзім сенбей, көзімді уқалап-уқалап жібердім. Жақай! Кәдімгі өзімнің Жақайым.
Ол да мені тани кетті. Алғашында көзі бір жапақ ете түсіп, сәл кідіре берді де дереу оңалып, жүгіріп келіп, алып құшағын жайып жіберіп құшақтай алды.
-Ой, Ереке, менің қадірменді досым, қандай дауыл ұшырып келді екен сені мұнда!?- деп ұзақ құшақтап, қатты қысты. Кеуде сүйегім сықырлап, тынысым шықпай, тұншығып кеттім. Ол мені әзер босатты да,- Қуанғанымнан есім шығып кетіпті-ау, тым қатты қысып жіберген жоқпын ба? Сағынып қалдым ғой. Түсімнен шықпағаныңа да бірнеше күн болып еді.- деді кешірім сұрағандай.
Жүрегім қысылып, көзім жасаурап кетсе де, мен сыпайыгершілік сақтап үндегем жоқ. Кеудемді кере дем алып, біраз тыныстап барып, әзер оңалдым.
-Жә, Ереке, жақсы келдің. Айтпақшы, мынау қасыңдағы жігітің кім? – деді ол ойында ештеңе жоққарап тұрған менің серігіме бұрылып.
-Осы қаладан. Жай жол серік.
-Ондай болса,- деді Жақай менің серігіме қарап,- Сен, бауырым, кешір. Мына Ерекең менің өте қадірлі досым. Сағынысып кездескенімізді көріп тұрсың. Бізді бір-екі сағатқа оңаша қалдыр. Келістік қой. Жә, онда, жүр, Ереке.
Біз бір кафенің оңаша әрі күңгірттеу шағын өлмсіне барып жайғастық.
-Ой, Ереке, қызық болды. Сенен несін жасырайын,- деп бастады ол әңгімесін.-Бұл жаққа өттік. Алып ұшқан жүрек, асау сезім. Туыс-туғанға деген сағыныш… Қайда-а!… «Елу жылда ел жаңа…Көрмеген жердің ойлы-шұңқыры көп» деген. Қауым өзгеріп кеткен. Әдет-салты да, сөйлеген сөздері де бөлек. Оның үстіне бір түрлі салқын. Суық бауыр. Бір есептен бұларды да сөккің келмейді. Өздері де жырғап отырған жоқ. Босанғанына бір ай ғана болғанәйелім мен қызыл шақа баламды соларға қалдырып, өзім жұмыс іздеп кеткем. Қайтып барсам балам шетінеп кетіпті. Балпанақтай еркек бала. Қарамаған. Ешкім қараспаған…. Қалған үш баламды ертіп, әйелімді қолынан жетектеп алыпжүрдім де кеттім. Шешемнің туған бауыры бар екен. Бір ауылда әкім. Соған бардым. Шынымды айтып мал дәрігері едім дейін десем, ауылда мал жоқ. Ақыры, амалсыздан өтірік айттым. Адам дәрігері едім деп. Қайтем енді, өлетін емес. Адам деп, айуан деп айырмасаң, әйтеуір , қайткен күнде де дәрі-дәрмек, ем-дом, укол салудан хабарым бар ғой. Ауылдық емханаға жұмысқа тұрдым. Ептеп күнелтіп жаттым. Бір-екі ай өткенде үйренісіп, көндігіп те қалдым. Сонан бір күні, ой, Ереке, сенен несін жасырам, мұндайда адам ішімдікке әуес болып кетеді екен. Ішққсталық. Шер шығаратын, сырласатын ешкімің жоқ. Жалғыздық. Құлазу. Өшіңді бөтелкеден аласың. Сонан бір күні көп-көрім ішіп келіп, ұйықтап қалыппын. Түн ортасында біреу есік қағып тұр. Әйелім барып, есік ашып еді, әлгі туысым, қамқоршым болған әкім нағашымның әйелі, қадірлі жеңешем екен.
-Жақай, бол, тез киін. Ағаң қатты ауырып жатыр,- деді асықтырып.
-Жеңеше-ау, сау емеспін ғой бүгін. Маспын. Көріп тұрсың ғой міне. Бара алмаймын,- дідім тілімлі шайнап.
-Қалай дегенде де дәрігерсің ғой. Болмағанда аз-паз көмегің тиер. Іші-бауырым деп дөңбекшігенде… Көрсең өзің де қарап тұра алмайсың. Бол. Дабай киін!- деді бұйырып.
Кіресілі-шығасылы ғана есім бар еді. Жаңа аяқтанған ботадай тәлтіректеп барып, қолыма түскен бір уколды салып, қайтып кеттім.
Таңертең олар тағы шақырды. Ағам тәуір болып, басын көтеріп отыр екен. Жеңешем мағанжүз грам « бас жазар» ұсынды. Сонан соң:
-Жақай, сен түнде ағаңа қандай укол салдың?- деді қадала сұрап.
Ағамның жазылып кеткеніне қуанып отыр ғой деп іштей мәз бола қалсам да, ары ойлап, бері ойлап қандай укол салғанымды есіме түсіре алмадым.
-Мынау ғой?- деді жеңешем бір бос ампулды үстелдің үстіне қойып.
Мен үндегем жоқ.
-Осы ма? Осы шығар? Былтыр мен Сергейге босанғанда,- деді жеңешем ұйықтап жатқанбаласын нұсқап, суық күліп,- Толғақты жиілету үшін дәрігерлер маған осы уколді салып еді.
Менің өне бойым ду ете түсті. Үнсіз мелшиіп жерге қарадым.
-Ал, бауырым,- деді ағам сәлден соң. Сабаз адам еді. Ақырын жымиып алды,- Ал, бауырым, бұл оқиғаны сен де ұмыт. Мен де ешкімге аузымнан шығармайын. Әйтеуір, жаным аман қалған соң саған айтар өкпем де жоқ. Бірақ, жұмыста алып қала алмаймын. Менің басым екеу емес. Өтінішіңді жаз да басқа бір кәсіп тауып істе.
Иә, өкпе жоқ. Кеселдің бәрі өзімнен. Мойындамай амалың қайсы? Бірақ, солай болған екен депүш бала, ошарлы жан аш отыруы керек пе? Тағы да зыр жүгірдім. Оған да, бұған да жалындым. Шынымды айттым. «оралман едім» дедім. Ешкім есіркей қоятын емес. Сонан ойлап-ойлап келдім де, ақыры өзіңе бардым. Ешкімді алдайын дегенім жоқ. Бірақ, ақша керек болды. Бұл жақта бәрі сатулы ғой. Сонан «санталаны» ойлап таптым. Сол ақшаның арқасында келесі бір ауданға барып, бір ауылға тағы да дәрігер болып жұмыс жасай бастадым. Әлгі өзіңнен иенемен емдеудің схемасын сұрай барғаным сол тұс. Әйтеуір бір жолда бұзып-жарып, бүлдіріп кететін укол емес, күміс иненің қатері аз болар. Сәті болып жазылып жатса, бағым жанып, абыройым өсер. Жазылмай жатса да маған келер-кетер бола қоймас деп ойлағам.- деп Жақай сәл жымиып күліп алды да басын шайқап алып, сөзін қайта жалғады,- Пәле болғанда тағы сол ақша. Тағы сол қарбаластық. Соның кеселі. Тағы да ауылдың әкімінің шешесінің тізесі қақсап, соған ине сала қоймаймын ба? Бұл жолғы электр ине еді. Сол арада тағы біреу шақырып келе қалмай ма!? Соған жүгіре жөнеліппін. Соған айналып жүріп, әлгі кемпірді тас ұмытып кетіппін. Қай уақыт екені белгісіз, бір кезде әйелім жүгіріп келмей ме!? Кемпірдің төсекте жатқанына төрт сағатболған. Тұрғызып алдым. Өз аяғымен келіп еді, енді орнынан қозғала алмайды байқұс. Құдай сақтағанда аяғы, тізесі ғой, егер басы яки кеудесі – ұлы денесі, жан жері болғанда о дүниеге жүріпкетуі де таңқаларлық емес еді.
Кешке таман кемпірдің әкім ұлы жүгіріп жетті:
-Ей, қытай,- деді ол сұқ сасағымен көзіме шұқып тұрып,- Ей, ит қытай! Шегіртке жейтін қара қытай, жоғал көз алдымнан! Батыр қараңды! Ине-пине, шөп-шалаңыңмен, қоқыр-қоқсығыңмен тез жоғал! Егер дереу кетпейтін болсаң,милиция шақырам да соттатып жіберем!
Сонан тағы кеттім. Үш баламды ертіп, әйелімді жетелеп осы ауылға келдім. Сонан ойландым. «Айтпақшы, әлгі әкім милицияны, сотты ауызға алды-ау. Бәлкім, ендігі кезекте соның босағасынан табылармын…» деп қысылғанда әлгі «туыстар» -премьер министр,оның әйелі Дейко, сот бастығы, банкініңбастығы дегендер ойыма орала кетті. Осы өтірікті ойлап тапқаным үшін тіпті ерек қуанып кеттім. Сенің аулыңда көп адамға қарыздармын ғой. Сонан сені таңдадым. Беделді, абыройлы, өтірік айтпайтын адамсың. Ауылдағы салымшыларды сенің аузыңмен сендірмек болдым. Және қандай.. Оның үстіне премьердің туысы, оның әйелінің нағашысы, судяның, банк бастығының етбауыр жақыны болған адамның үстінен мына заманда кімарыз жаза алады деп едің? Сөйтіп ол жақтағы қауіпті тыныштандырып қойдым да осында келдім. Құдай ақы, ешкімді алдайын дегенім жоқ. Қайтем енді. Қолыма қарғатышып, бірдеңе түсіп жатса, сіздің ауылға да барам. Өтеймін ғой борышымды. Басымды жерге жеткенше иіп, кешірім сұрармын ондағы елден.- деді ол күрсініп. Менің бетіме түзу қарай алмай бір сәт жасып, тайсақтап, терзе жаққа бұрыла берді.
-Ал, мұнда қалай келіп жүрсің?
Ол бөгеліп барып сөйледі:
-Ақша ғой, ақшы… Иә, дәрігер боламын деп жүріп, уколдан бір, инеден екінші рет пәлеге қала жаздағанымды айттым ғой. Қанша қатерлі болса да, ақыры онан да қол үзе алмадым. Кейін оған көріпкел тәуіпті қостым. Сонда оңайырақ. Тіпті мүлдем қолайлы. Қазір бәрі де жақсы. Бәрі де тыныш. Ел әуелі менің атымды да білмейді. «Қытай дәрігер» дейді. Сонысы қолайлы. Тіпті әйелім мен балаларым дабіреуге солай жауап береді. Әуел десең, өз атымды менің өзім де ұмытып бара жатқан сияқтымын.
-Бұл жақта дипломсыз жұмыс жасау қиын болушы еді ғой?- дедім мен тағы бір күдігімді айтып.
-Сіз қалай!?- деді ол маған ежірейе қарап, қол сумкасын ашып жатып,- Менде диплом жоқ деп сізге кім айтты? Міне, мынау Шаңхай медицина университетін табаны күректей жеті жыл оқып, үздік бтірген қызыл дилом. Міне, мынау сол унивеситеттің профоссорлық дипломы. Міне мынау Шаңхай қаласының әкімі Ли Шаохуаның өзі қол қойған грамоталары. Міне, мынау Англиядағы Лондон медицина университетінің құрметті академик деген дипломы. Міне мынау Америка құрама штаттарының Президенті Клинтонның өзі қол қойған «дүниенің әйгілі дәрігері» деген мақтау қағазы. Міне мынау…
Мен қарқылдап күліп жібердім. Тіпті өзімді тоқтата алмай, ұзақ күлдім. Қатты күлгенім сонша, қасымда оның отырғанын ұмытып та кетіппін.
Есімді жиып оның бетіне қараған кезде өзімнен өзім ұялып, өз қылығыма өзім ренжіп, өкініп қалдым. Менің күлкімнің оған ауыр тигені белгілі еді. Қанша дегенмен ер жігіт емес пе! Бір сәттің арасында-ақ жүні жығылып, жасып отыр. Кірпігін бір қақпай қадалған үлкен ала көздерінде болаты өшкін, бозғылт сәуле ғана бар. Қаңсары биік, үлкен мұрны қоңқайып, қалың еріндері салпиып, қара бұжыр бетінің нұры сөніп, ажары қайтып қалған.
Иә, ол үндемеді. Күлген де жоқ. Маған сездірмеген болып, екі иығыболымсыз дірілдеп, ұзақ тынды. Соңынан мүлде түсініксіз бір әрекетпеназдап ыржалақтаған сияқты болды. Сөйтті де кеудесі керіле қозғалып, өзіне-өзі сөйлегендей ақырын міңгірлеп:
-Өмір деген иттің көті…- деді түсін салып.
Соңы
Жақсылық Сәмитұлы