Қазір жазушы деген сөзді шектен тыс пайдаланып, қадірін қашыра бастаған уақытқа тап келген шақ сияқты. Қалам ұстағанның бәрі жазушы, өлең жазғанның бәрі ақын болып жүрген кезде бір жас «ақынмын» десе, «не жазды дейсің» деген қате пиғыл «ақын, ақын» деген атаулардан мезі болған мінездің көрінісі шығар. Бір жас жазушының әңгімесі шықса, басын ғана бір шолып, «ә, жәйің белгілі екен» деп жаба салатын әдетіміз де қалам ұстағандардың жазушылыққа шектен тыс әуестігінен бе деп ойлаймын. Жазудың оңай болып кеткені соншалықты, әжептәуір журналист кісілер «әңгіме жаздым» дейтін болды. Сол әңгімелерін оқысаңыз – журнализмнің өзі. Және сол беттерінен қайтаратын сөз айта алмай, әлгі қойыртпағын «жақсы екен» деп көлгірси салатын көңілжықпастығымыздан да аз зардап шегіп жүрген жоқпыз. Бірақ сол жазушы болғысы келіп жүргендердің өндіріп жазған еңбегін де көрген емеспіз. Бес-алты әңгіме жазып, жазушылар одағына мүше болғысы келіп тұратын зор дәменің де меселін қайтармаймыз ба, қалай…
Жазушы атанып жүргеніңізбен, кейінгі жұрт толғана оқып, еңбегіңізді әдебиетке қосқан сүбелі олжа деп бағаламаса, құр атақтан не қайыр. Өлгенше өз атыңа қосарлап «жазушы» деп жазып жүргеніңмен, жер-ананың құшағына енген сәтіңнен сенің жазушы екеніңді бір адам есіне алмаса, не тыраш… Жазушы болудың екі жолы бар дейтін. Бірі сөздің жүйесін білетін, бірақ инстинкпен жазбайтын адамдар. Олар бір идея тауып, соны іске асыру үшін бірнеше құралдарды пайдаланып, зор еңбек ету арқылы табысқа жетеді. Көркемдік тұрғысынан келгенде олқылықтары болса да, тақырыбы мен идеясы, көтерген мәселесі мәңгі өзектілігін жоймай, уақытпен бірге ғұмыр кешеді. Екіншілері табиғи инстинкт арқылы жазады. Олар үшін өмірдің өзі жазуға айналған. Петрарканың: «мен жазуды өлгенде ғана тоқтатамын» дегені секілді. Бірақ бұлай жаза беру де қаламгерді көп адастырады. Қоғаммен қайшылыққа түсіреді. Арзан жеңіске, аздаған сәттілікке алдану арқылы алғашқы өлшемдерінен айырылады. Құр ішкі болжаммен жазудың кемшілігі – ізденбеу. Осыдан шығатын қорытынды жазушы болу үшін жаратқан берген талант те, өз тарапыңнан қосылар еңбек те аса қажет болса керек.
Жазушы үшін «ол баяғыда таусылған» деген сөзден ауыр жаза жоқтай. Шығармашылық мүмкіндігінің уақыты өткен деген сөз, ол тірі болса да жазушы емес. Оның жазушылық атағы сол шығармалылық потенциалы таусылған жерге дейін. Біздің қаламгерлердің артықшылығы дүниеден өткенше жазады. Кемшілігі де осы. Өздерінің қай кезден ақындықтан, жазушылықтан қалғандарын байқамайды.
Жақсылық Самитұлының жетпіс бес жылдық мерейтойы «қазіргі қазақ прозасының өзекті мәселелері» атты конференция ретінде өтетіндігі дұрыс қадам сияқты. Әйтпесе ақын-жазушылардың мерейтойлары әдеби жиыннан гөрі той-томалаққа анық ұқсайтын. Артық мақтау мен оңай баға беріле салатын уақыт та осы кез. Оның жазған шығармасын қазақ әдебиетіндегі классикалық туындылардың қатарына оп-оңай қоса салатын пайымымыз оқырмандарды адастырып жүрген жоқ па?! Бәрі жаппай мақтайтын туынды, әгәрәки, нашар шығарма болса, соны іздеп оқитын оқырманның обалы кімге? Шын мәніндегі көркем шығарманы дұрыс тани алмай, әділ бағасын айтпаса, жазушының обалы кімге?
Осы тақылеттес сұрақтар қазір жиі айтылатын болды. Тәуелсіздік алған жылдардан бері қаншама кітап шығып, неше толқын ақын-жазушылардың шоғыры келді. Солардың әрқайсысы өзінше жол табуға ынталы. Кім қандай кітап шығарам десе де, нендей шығарма жазам десе де еркі. Бұрынғыдай жабық рецензия жоқ. Неше мәрте сүзгіден өткізетін редакторлық жұмыстың да бүгінгі күні қызметі өзгерген. Сол себепті де әдебиет айдынына жыл сайын неше роман қосылып, кітапхана сөресі қаншалықты толығып жатқанын да дөп басып айта алмаймыз. Жылдың олжасы деп анық бір шығарманы бағалауға да жете қоймадық. Бірақ бұл ала-құла жағдай заңды құбылсы болса керек. Француздардың, ағылшындар мен америкалықтардың әдебиеті де қайта өрлеу дәуірінің алдында дәл осындай күй кешкен болса керек. Әбіш Кекілбаев өзінің соңғы сұхбаттарының бірінде осындай сәтте қандай олжаның да аз көрінетінін де заңды деп түсіндіреді. Егер дәл сондай жағдайда болсақ, жоқтай берудің жөні жоқ.
Тәуелсіздік алған жылдары қазақ әдебиетіне тек жас буын ғана қосылып қойған жоқ. Шекарасы ашылып, мыңдаған қандастарамыз Атамекеніне оралған. Туғанына жетпіс бес жыл толған Жақсылық Самитұлы да сол салқар көшті бастап келген қаламгерлердің қатарынан еді.
Қытайдағы атақты «мәдениет төңкерісі» кезінде Жақсылық Самитұлы да биліктің қаһарына ілігеді. Институтта оқып жүрген кезінде Задақан Мыңбайұлы, Тоқтархан Жәкібайұлы, Тәліпбай Қабай сынды жолдастарымен қытайдың жоғары оқу орындарында қазақ сыныптарын ашып, қазақ тілінде сабақ берулерін талап етіп, бастама көтерген. Осы қылықтары саяси науқан кезінде «Қазақ ұлтшылдығы» деп айыпталып, 1963 жылдан бастап Корладағы жаза лагеріне айдалады. Ол кезде жазушы небәрі 23 жаста болатын. Жақсылық Самитұлының шығармашылығын зерттеушілер оның жазушылық жолын 1978 жылдан бастайды. Бұл қуғынға ұшырағандардың аяқталған уақыты еді.
Самитұлының жазушылығы туралы айтқанда, ең алдымен оқырмандары оның тілінің шұрайлы өлкесін алдыңа тартады. Өмірін жазуға арнаған қаламгердің үш томдық «Қаһарлы Алтай» романынан архаизмдерді теріп, оның сөздігін жасап алған оқырмандардың бұл мақтаулары орында екеніне оның шығармаларымен танысқанда көзіңіз жете түседі. Әңгімелеріне ел ішінде ескі аңыздарды өз заманымен байланыстырып жазуды әдетке айналдырғандай. Терең психологиялық жағдайды байқамайсыз. Адам жанының ұңғыл-щұңғылына үңіліп, оқырмандарының есін де алмайды. Ұзақ жазып, дегбіріңді де қашырмайды. Тіршіліктің фотографиялық көшірмелерін беру арқылы оқырмандарын ойландыруға құмар. Оның шығармашылық өміріне он бес жыл айдауда болғандығының кесірі әбден сезіледі. Жазу машығының кейін қалыптасқандығынан кей әңгімелерін жәй ғана баяндаумен шектеледі. «Жақсылық Самитұлының негізгі жанры – повесть» дейді сыншылар.
«Алтын қазық» кітабына енген «Алтын қазық», «Әркімнің бір арманы бар», «Қаріптер», «Ақ тілек» повестері тек қана жазушының шығармашылық мүмкіндігінен хабар беріп қоймайды. Оның өміріне зор әсер еткен қуғынның да іздері бар.
«Алтын қазық» повесінде атамекенге оралу үшін ауған асқан ұрпақтың қасіретін жазады. Тастемірдің түрмеден қашып, азаптан құтылу үшін жасаған қауіпті қадамдарының бәрі туған мекенге оралу үшін болатын. Ол үшін бір ғана қауіпсіз аймақ бар. Ол – Қазақстан. Мыңдаған қандастардың арман-шері. Америка жазушысы Эрскин Колдуэлл: «Мен өмірімде неше түрлі адамдар мен қиын жағдайларды көрдім. Солар туралы айтқым келген соң, жазам. Тіпті, солар туралы айтуға міндеттімін деп есептеймін» деп жазған болатын. Оның оқырмандары бұл ойының дұрыс екендігін жазып, қуаттаған. Жақсылық Самитұлы да өзінің тағдыр жолында көрген дүниелерін сөзсіз айтуға міндетті еді. Оған атамекенге келу үшін қол ұшын берген жанашырлары мен оған кедергі болғысы келген дұшпандарын да жазуға хақылы еді. «Алтын қазық» повесі орындалған арманының – тағдыры жолы.
Егерде қаламгер сол жастық кезінде көтерген бастамаларын түрмеден кейін де жалғастырып, саясатпен айналысып кеткенде Жақсылық Самитұлы деген жазушымыз болар ма еді… Ламартин өзінің естелігінде ақын емес, мемлекет қайраткері болуым керек еді деп өкінішпен жазады. Бірақ оларға тағдыр саясаткер бол мүмкіндігін бермеген еді.
Жазушы өзінің шығармаларына тағдырымен қоса, өмірінде қолы жетпей қалған армандарын да жазады. Бірақ өз туындысында қаламгер кейіпкерлері арқылы сол армандарының бәріне қол жеткізеді. «Мен өмірімде қолым жетпей қалған дүниелерге шығармашылығымда жомарт болдым» деп жазыпты француздардың бір жазушысы. Осы сөз рас болуы керек. Жақсылық Самитұлының осы повестерінде үнемі арманы үшін жанталасқан кейіпкерлер жүреді. Сол жолда қаншауы құрбан болады. Кейбірі тіпті армандарына да жетпей жатады.
«Әркімнің бір арманы бар», «Ақ тілек» повестері өзара байланысты шығармалар. Екі повесте бірінші жақтан басталып, сондағы бір кейіпкердің бастан кешкен оқиғасына байланысты кері шегініс жасайды. Екі шығармада да басты кейіпкерлер махаббат үшін күреседі. Батыр, ел ішіне балуандықпен аты шыққан мықтылар.
«Әркімнің бір арманы барда» бірінші жақтан баяндаушы ел ішінде аты шыққан балуан болады. Жас жігіт. Бір күні өзінің үйіріндегі құлын кезінен баптап жүрген күреңін ұрлап кетеді. Ары-бері іздеп қараса, аттың ізі жоқ. Жалғыз адамның ғана келіп-кеткен ізі. Сол ізді аңдып шықса, бір шақырымнан кейін де екі аттың ізі шығады. Бірі жетектегі аттың ізі. Сонда бір шақырым бойы жылқыны көтеріп келген Қалқаш деген батырға тап болады. Сол Қалқаштың бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Оқиғаның баянына қарасаңыз, ел ішінде бұрынан айтылатын аңыздардың желісі жатқандай.
Осы екі повесінен жазушының қазақ өмірін, дала табиғатын жақсы білетіні байқалады. Ат үстіндегі өмірді, жердің жағдайын қазақы бояумен суреттегенде бұрынғының адамы сияқты сөйлейді. «Ақ тілек» повесін де Ақберді өзінің махаббатын іздейді. Зайсан жақтағы қазақтардың жылқысын қуып келе жатып, Еркештің «қолына түсіп қалған» Ақбердінің тағдыры туралы баяндалғанмен, негізі Еркештің өмірі туралы деп ойлаймын. Еркешті алғашында ер азамат екен деп қалса, ол Естемес деген байдың еркекшора ғып өсірген жалғыз қызы екен. Кейін Ақбердімен қашып, әйел болғысы келіп еді, жолда бір қарақшыларға қолға түсіп, екеуінің тағдыр жолы айырылады. Осы жерден бастап шығармада Ақбердінің өмірі баяндалады. Түптеп келгенде қазақы салтындағы қызды еркекшора ғып өсірудің дұрыс еместігін айтады. Адам тағдыры қанша ауыр болғанымен көнеді. Еркеш сияқты. Бірақ сол ауыртпалыққа тап қалған жағдайлар бар емес пе? Сол жағдайға душар еткен адам қылығы да бар.
Кітаптағы күрделі шығарма – «Қаріптер». Сақан да, ата-анасы да, Рәзия да, тіпті Еркінбек те ғаріп. Мәдени төңкеріс кезінде Сақанның әкесі Бекбайды «Совет одағының шпионсың» деп күреске алып кетеді. Әкесі жау болғаннан кейін, бала да – жау. Сақанды да күреске (тергеуге) апарған. Сонда Сақанды әбден соққыға жығып, ұрпақ жалғастыра алмайтындай күйге ұшыратқан. Сақан бұны үйленейін деп жүрген қалыңдығы Рәзияға да, ата-анасына да айтпайды. Рәзияны алған жылы болған оқиға еді. Бірақ содан бастап Сақан өзімен өзі болып, тұйық қалыпқа түседі. Осы кездегі Рәзияның әйелдік табиғатын, ата-ананың арман-тілегін, Еркінбек сияқты шолақ белсенділердің психологиясын жазушы шебер ашады. Мұнда құрғақ баяндау жоқ. Бұл повестегі кейіпкерлер өтірік айтпайды. Жасандылыққа бармайды. Жазушы өзі де кей эпизодтарды бұрынғыша созып, лирикалық шегініс те жасамайды. Керісінше одан әрмен ширығып, оқиға қоюлана түседі. соңына дейін Сақанның не себепті тұйық болып жүргенін жұмбақ күйінде ұстайды. Рәзия бойындағы әйелдік табиғатты ашады. Және оған Рәзияның сол қылығына ешкімді кәналай алмаймыз. Бұның бәріне мәдени төңкеріс айыпты еді.
Қарапайым адамдардың тағдырына саяси оқиғалардың үлкен әсері бар екенін жазған жазушы, осы арқылы өзінің шығармашылық жолына, өміріне сол науқаншылықтың қаншалықты әсер еткенін көрсетсе керек.
Жақсылық Самитұлы қазақ әдебиетіне қытай қазақтарының тағдырын әкелді. «Алтын қазық» арқылы шекараның екі бетіндегі бір ұлттың ажырамас бауыр, ағайын екенін де өз шығармалары арқылы көрсетті. Екеуінің шеккен қайғысы да, тартқан азабы да бір. Өткен күні, төккен қаны да бір. Болашағының да бір болатынын асқақ қалпы айтады.